Әнші азық-түлік алуға барған кезде дүкен ішінен өзінің әнін естіп қалған. Дәл осы “Махаббатым” әнін Серік жұбайы Айнамкөзге арнаған болатын.
«Біз кәмпит алып жатсақ, біздің әнді беріп жатыр! Тез арада биге тартқансың ғой», – деп жазды ол.
Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болды. Көпшілік Серіктің қарапайымдылығына тәнті болды. Кейбіреулер оны жұбайын жасыратын әншілермен салыстырып, асыра мақтап жатты.