Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жаңа түскен келіннің бетін ашу міндеті Төреғали Төреәліге жүктелді. Ұлы дала баласы өзінің айтыстағы жыр мақамына салып:
«Қол ұстасып келгенде екі ғашық,
Ата-ана күтіп отыр етін асып.
Айнамкөздей кеп жатқан келінімнің
Солақайлап берейін бетін ашып», – деп беташар рәсімін бастады.
Бүгінгі той басқалардан өзгерек болды. Себебі Ибрагимовтің келіншегі елге сахнада тұрып, сәлем салды. Оны Төреғали де әзілге айналдырды.
«Серікті құрметтейді енді Алашым,
Айнамкөз, айналайын, енді анасың.
Сахнада тұрып ап беті ашылған,
Шырағым Түгіскенде сен ғанасың», – деді Ұлы дала баласы.
Айта кетейік, үлкен той 12 қазанға жоспарланған. Серіктің продюсері Алтынбек Рахметов тойға 550 адам шақырылғанын, оның тең жартысы өнер жұлдыздары екенін айтқан еді.