Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті.

  • 22 Қазан 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

«Панда» лақап атымен белгілі қазақстандық боксшы АҚШ-тың Орландо қаласында жекпе-жек өткізді. Ол шаршы алаңдағы қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21-17, 15 КО) бірінші раундта сұлатып түсірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Prosport.kz-ке сілтеме жасап. 


Айта кетейік, Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 8 қыркүйекте Сантьяго де Толуда (Колумбия) өткізді. Онда жергілікті спортшы Мануэль Банкесті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.