Серік Қонақбаев: қазіргі бірден-бір басымдық - бұл Риодағы Олимпиада - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Қонақбаев: қазіргі бірден-бір басымдық - бұл Риодағы Олимпиада

Серік Қонақбаев: қазіргі бірден-бір басымдық - бұл Риодағы Олимпиада

Алматыда 1 наурызда Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) атқару комитетінің отырысы болды, оған Оңтүстік Корея, БАӘ, Катар, Филиппин, Лаос, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдері қатысты, деп хабарлады конфедерацияның баспасөз қызметі.

  • 2 Наурыз 2015
  • 693
Фото - Caravan.kz

Атқару комитетінде   ASBC жаңа вице-президенттері Оңтүстік Корея Ұлттық жиналысының депутаты Чанг Юн Сунг және бокстан жеті дүркін әлем чемпионы Орзубек Назаров таныстырылды.

Азия бокс конфедерациясы Атқару комитетінің жаңа мүшесі болып Тәжікстаннан Абдуахат Тоджибаев сайланды.

Сондай-ақ Атқару комитеті Конфедерацияның бюджетін және 2015 жылғы азиялық аймақтағы ойындар күнтізбесін қарады.

Отырыс барысында АІВА вице-президенті, Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев: «Ағымдағы Олимпиада алдындағы жыл — лицензиялар үшін күрес жылы — бұл спорттың кез келген түрі үшін маңызды. Біздің конфедерация олимпиадалық рингте құрлығымыздың өкілдері көбірек болуы үшін барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс», —  деп атап өтті.

Атқару комитетінің мүшелері Азиялық бокс конфедерациясының жаңа логотипін бекітті, ол алдағы сәуір айында өтетін Бас Ассамблеяда таныстырылатын болады. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера