Серік Сәпиев Олимпиада «алтынын» британдық боксшымен сарапқа салады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Сәпиев Олимпиада «алтынын» британдық боксшымен сарапқа салады

Серік Сәпиев Олимпиада «алтынын» британдық боксшымен сарапқа салады

ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының бокс турнирінде Серік Сәпиев финалдық кездесуін британдық Фрэдди Эванске қарсы өткізеді.

  • 11 Тамыз 2012
  • 621
Фото - Caravan.kz

Бүгін 69 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Серік Олимпиада «алтыны» жолындағы басты қарсыластарының бірі ресейлік Андрей Замковойды 18:12 есебімен ұтқан еді. Ал финалдық кездесудегі қарсыласы британдық былғары қолғап шебері украиндық Тарас Шелестюкті бір ұпай айырмашылығымен жарыс жолынан ығыстырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, С.Сәпиев 1/8 финалда жапондық Ясухиро Сузукиді, ширек финалда венесуэлалық боксшы Габриел Маэстрені ал жартылай финалда айқын басымдықпен ұтты.
Серік Сәпиев Қарағанды облысының тумасы. 11 жыл бойы боксты жанына серік еткен 28 жастағы Серік екі мәрте Әлем чемпионы (2005, 2007 жылы), Азия чемпионы (2007, 2009 жылы), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы) атанған. Жолдаманы өткен жылы Бакудегі Әлем чемпионатында екінші орынды иеленгені үшін алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера