Серік Сапиев олимпиада туралы “Мен Даниярдың айтқанымен мүлдем келіспеймін” - kaz.caravan.kz
  • $ 538.64
  • 631.56
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Сапиев олимпиада туралы “Мен Даниярдың айтқанымен мүлдем келіспеймін”

Серік Сапиев олимпиада туралы “Мен Даниярдың айтқанымен мүлдем келіспеймін”


2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Токио Олимпиадасындағы боксшылардың дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  "Жетінші арнадағы" "Студия 7" бағдарламасына сілтеме жасап.

  • 30 Шiлде 2021
  • 3768
Фото - Caravan.kz

Ол боксшылардың дайындығын сынға алды.

"Басқа елдерде боксшылардың деңгейі әлемдік үрдістермен бірге өсіп келеді. Ал біз Кеңес Одағы деңгейінде тоқтап қалдық. Мысалы, біздің спортшылар қашықта қалай жұдырықтасу керегін біледі, бірақ көбіне қарсылас жақындаған кезде не істерін білмей қалады. Мұндай жағдайда біздің боксшылар құшақтасып алады. Бұл техника емес. Соққы жасау үшін техниканы шыңдау керек, секірмеуді және тепе-теңдікті жоғалтпауды үйрену маңызды. Төзім мен жылдамдық керек", – деді Данияр Елеусінов.

Ал спорт комитетінің басшысы
Серік Сәпиев Данияр Елеусіновтың
бұл пікірімен келіспейтінін айтты.

“Даниярдың айтқанымен мүлдем келіспеймін. Себебі КСРО-да құрылған бокс мектебіне қашан да сұраныс бар, бола береді де. Бұл классикалық бокс, ол ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Жаңа нәрселерді үйренумен қатар, талай боксшыға сәттілік алып келген дәстүрлі боксты да ұмытпау керек", – деп жауап берді ҚР Мәдениет министрлігі спорт комитетінің басшысы Серік Сәпиев.