Үш кезеңде де өзінің басымдығын танытқан Серік, тіпті екінші раундта жапондық Ясухиро Сузукиді нокдаунға жіберді. Дегенмен, жапон спортшысы өзінің тәжірибесі арқасында жекпе-жекті соңына дейін жеткізе алды. Шаршы алаңдағы кездесу 25:11 есебімен С.Сәпиев пайдасына шешілді.