Серік Сәпиев өзінің салмақ дәрежесіндегі үш ізбасарын жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Сәпиев өзінің салмақ дәрежесіндегі үш ізбасарын жария етті

Серік Сәпиев өзінің салмақ дәрежесіндегі үш ізбасарын жария етті

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзінің салмақ дәрежесіндегі үш ізбасарын жария етті.

  • 23 Қыркүйек 2012
  • 412
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында бүгін чемпион Астанадағы «Шуақ» жастар денсаулық орталығында жеткіншектермен кездесу барысында мәлім етті.

«Сіздің салмағыңызда Қазақстан құрамасында лайықты ізбасарлар кімдер?»-деп қойылған сауалға С. Сәпиев: «Қазақстан құрамасында үш боксшы бар. Оның бірі Шығыс Қазақстан облысынан Манат Өмірзақов және Астанадан екі былғары қолғап шебері бар. Олар — Бақытжан Қожабеков пен Данияр Елеусінов»,-деп жауап қайтарды.

Айта кетейік, Лондон Олимпиадасында Данияр Елеусінов 64 келіде шыққан еді.

Халықаралық бокс қауымдастығы Лондон олимпиадасынан кейін әлемдік рейтингті жариялаған болатын. Қазақстандық олимпиада чемпионы Серік Сәпиев 69 келіде көш бастап тұр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, С.Сәпиев болашаққа әлі нақты жоспар құрмағанын да айтып отыр. Негізі мемлекеттік қызметке тұрғысы келетінін жасырмайды, алайда 2016 жылғы олимпиада мен 2013 жылғы әлем чемпионаттарына қатысу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

«Егер де сол кезде спортта жүрсем, онда әлем чемпионатына өтуге барымды саламын, — деді ол. — Қазір жаттықтырушы болғым келмейді. Рио туралы айту да әлі ерте, 4 жыл деген біраз уақыт».

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера