Серік Сәпиев жаңа қызметіне кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Сәпиев жаңа қызметіне кірісті

Серік Сәпиев жаңа қызметіне кірісті

Лондон олимпиадасынан кейін спортпен қош айтысқан Серік Сәпиев биылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан бокс федерациясында (ҚБФ) әкімшілік қызметтегі жұмыстарына ресми түрде кірісті, деп хабарлайды «Астана Спорт» спорттық басылымы.

  • 18 Қаңтар 2013
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бұдан былай 2012 жылдың олимпиада чемпионы — ҚБФ-ның спорттық директоры ретінде еліміздегі бокс саласының дамуын қадағалайтын болады. Қазір Серік басқару ісінің қыр-сырын меңгеруде, алайда бокс саласын одан артық білетін адамдардың санаулы екені шындық. «Мен бокстың ішкі жан-дүниесін білемін, — дейді Серік Сәпиев. — Өйткені мен бұл салада көптен бері жүрмін. Қазірдің өзінде білмейтінімді біліп, тәжірибе жинақтаудамын. Қазақстанның бокс федерациясына жаңа қызметімде де пайдамды тигіземін деп ойлаймын. Сол үшін барымды салатын боламын».

Сондай-ақ, спортшы ҚБФ-ның президенті Тимур Құлыбаевқа өзіне мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіріп, сенімін ақтауға тырысатынын айтты.

ҚБФ-ның штабы Астанада орналасқандықтан, спортшы елордаға көшіп келмек. Олимпиада чемпионының сөздеріне қарағанда, әзірше ол өзі ғана келген, ал отбасы көшуге дайын болмағандықтан Қарағандыда қалып қойған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера