Серік Сұлтанғалиев ҚР Күрес федерациясының президенті болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Сұлтанғалиев ҚР Күрес федерациясының президенті болып сайланды

Серік Сұлтанғалиев ҚР Күрес федерациясының президенті болып сайланды

Кеше Алматыда ҚР Күрес федерациясының ағымдағы жылдың қорытындысына арналған республикалық конференциясы өтті.

  • 23 Желтоқсан 2010
  • 668
Фото - Caravan.kz

Онда делегаттар бірауыздан Серік Сұлтанғалиұлы Сұлтанғалиевті ҚР Күрес федерациясының президенті етіп сайлады. Бұған дейін федерацияның бұрынғы басшысы Абай Садықов мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты өз қызметінен бас тартқан болатын. Сондай-ақ, конференция кезінде әйелдер күресі командасының бастығы Ғалым Тәтімбетов төрешілер корпусының төрағасы болып сайланды.

Серік Сұлтаналиұлы 1953 жылы 17 сәуірде Алматы облысы Райымбек ауданындағы Жалаңаш ауылында өмірге келген. 1977 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітіріп, еңбек жолын «Қазқалақұрылысжобасында» сәулетші болып бастады. Одан кейін 1991-1994 жылдары Алматыда қалалық тұрғын-үй департаментінде және «Алтын-Алма» АҚ-да лауазымды қызметтер атқарды. 1994-1995 жылдары қала әкімінің 1-орынбасары, 1995-2004 жылдары «Айсель Қазақстан» құрылыс компаниясының президенті, 2005-2007 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры, 2007-2009 жылдары «Жетісу» әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясында Басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ 2009 жылдан бері «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера