Серікбол Сайлаубек көзінің көрмейтініне әкесін кінәлады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серікбол Сайлаубек көзінің көрмейтініне әкесін кінәлады

Серікбол Сайлаубек көзінің көрмейтініне әкесін кінәлады

Сахнада көзілдірік тастамайтын әншілердің бірі - Серікбол Сайлаубек. Алайда өзге әріптестері сән үшін осындай образды таңдаса, Серікбол мұқтаждықтан көзілдірік киюге мәжбүр.
Себебі туғалы бір көзі көрмейді. Әнші бұған әкесін кінәлады, Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

  • 10 Тамыз 2022
  • 1366
Фото - Caravan.kz


Айтуынша, отбасында өзінен үлкен төрт әпкесі бар. Қатарынан қызды болған әкесі Жаратқаннан "көзі соқыр болса да, бір ұл беруін" сұрапты. Әкесінің дұғасы қабыл болған көрінеді.

"Анам өмірге төрт қыз алып келген. Әкеме ұл керек болып, Алладан "бір көзі соқыр болса да ұл берші" деп сұраған екен. Сол тілегі қабыл болды ма, туғаннан бір көзім көрмейді. Сондықтан адам дұрыс сөйлеуі керек. Өйткені әр сөзің қабыл болып қалады. Жақсы сөздерді көп айтайық, бір-бірімізді көтермелеп, қолпаштап жүрейік. Бұл жалғанда арамдық, өсек көп. Бұл жалған өте қысқа. Мұнда әуре болудың қажеті жоқ. Әр нәрсені өз уақыты келгенде көре жатармыз", — деді Серікбол Сайлаубек.

Соңғы жаңалықтар