Серікбол Сайлаубек қолын қатты жарақаттап алғанына қарамастан «Жеті нотаға» келді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серікбол Сайлаубек қолын қатты жарақаттап алғанына қарамастан «Жеті нотаға» келді

Серікбол Сайлаубек қолын қатты жарақаттап алғанына қарамастан «Жеті нотаға» келді

Алматыда «Жеті нота» атты думанды ән-жыр кеші өтті. Оны белгілі ақын-сазгер Бекжан Әшірбаев пен әнші-сазгер Төлжанбек Жақсыбаев ұйымдастырған.

  • 11 Қазан 2016
  • 4220
Фото - Caravan.kz
Бекжан ӘшірбаевБекжан Әшірбаев
Төлжанбек ЖақсыбаевТөлжанбек Жақсыбаев пен Мақпал Нұржанқызы

Бұл кеште әнмен қатар поэзияға да орын берілді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Думанды шараның басқа концерттерден ерекшелігі де сонда. Соңғы кездері поэзияға деген қызығушылықтың төмендеп кеткені жасырын емес. «Жеті нота» — осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ашылған бірегей жоба.

Әдемі кешке Лұқпан Жолдасов, Мұқасан Шахзадаев, Тоқтар мен Бейбіт, Роза Әлқожа, Өмірқұл Айниязов, Серікбол Сайлаубек сынды танымал әншілермен қатар ән әлеміне енді қадам басқан жас өрендер де өнер көрсетті. Айтқандай, Серікбол Сайлаубек қолын қатты жарақаттап алыпты. Соған қарамастан концертке келіп, тіпті билеп тұрып ән салды. «Қолды қоя берші. Бас аман болсын. Биді айтсаңдаршы, биді!» деді ол сахнада тұрып.

Серікбол СайлаубекСерікбол Сайлаубек

Жоғарыда айтқанымыздай, арасында өлең де оқылды. Ақындар Ғалым Жайлыбай, Әлібек Шегебай, Бекжан Әшірбаев, Саят Қамшыгер және Зәмзә Қоңырова жырдан шашу шашты.

Ғалым ЖайлыбайҒалым Жайлыбай

Сондай-ақ, кеш барысында біраз азаматтарға медаль табысталды. Мысалы, «Жеті нотаға» қолдау көрсеткен өнер жанашырлары Сабыржан Молдаханов «Алтын қыранды» алса, Дайрабай Үсіпбаев «Ел ардақтысын» иеленді.

Өнер жанашыры Сабыржан Молдахановқа Өнер жанашыры Сабыржан Молдахановқа "Алтын қыран" медалін қоғам қайраткері Амалбек Тшанов тапсырды
Дайрабай Үсіпбаевты да Амалбек Тшанов марапаттадыДайрабай Үсіпбаевты да Амалбек Тшанов марапаттады
Актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева халықаралық Актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева халықаралық "Мәдениет майталманы" медалін алды Ал әнші Лұқпан Жолдасовқа Ал әнші Лұқпан Жолдасовқа "Өнер жұлдызы" медалі берілді

Осылайша, «Көршінің қызының» авторы ұйымдастырған концерт керемет өтті. Бекжан Әшірбаев келесі «Жеті нотаны» алдағы жылдың 7 сәуіріне жоспарлап қойғанын жеткізді.

Тоқтар мен Бейбіт Бекжан Әшірбаевтың Тоқтар мен Бейбіт Бекжан Әшірбаевтың "Көршінің қызы" әнін орындады
Мұқасан ШахзадаеваМұқасан Шахзадаева
Мақсат БазарбаевМақсат Базарбаев
Өмірқұл АйниязовӨмірқұл Айниязов
Республика сарайында тыңдарман толып отырдыРеспублика сарайында тыңдарман толып отырды
Перейти к новостям спорта