Сондықтан болар, әнші бүгінде ауруханалардың табалдырығын тоздырып, ем қабылдап жүр. Өйткені, соңғы кезде әншінің көз жанары нашарлапты. Онысын Серікбол концерттердің бірінде анықтаған. Сахнада қошаметтеп отырған халықты мүлде көре алмай қиналғаннан кейін ақ халаттыларға жүгінуге тура келіпті.
Көпшілік Серікболдың қара көзілдірік тағып сахнаға шығуын хит әнші Қайрат Нұртасты қайталайды деп сынаған болатын. Алайда, Серікболдың үнемі көзілдірікпен жүруінің өз себебі барын бірі білсе, бірі білмейді.
“Көзілдірігімді шешсем, сізді былай көре аламын. Ал былай көре алмаймын”, – дейді әнші Серікбол Сайлаубек.