Сеул қаласының мэрі елімізге ресми сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сеул қаласының мэрі елімізге ресми сапармен келеді

Сеул қаласының мэрі елімізге ресми сапармен келеді

5-қарашада Сеул қаласының мэрі Ли Менг-бак елімізге ресми сапармен келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қараша 2004
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бес күндік сапары барысында Ли Менг-бак Астана және Алматы қалаларында болады.

Сапар бағдарламасы бойынша ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов, СІМ Қасымжомарт Тоқаев, Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев, Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновтармен кездесу жоспарланған.
Астанада Сеул қаласының әкімі Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушы-ұстаздар құрамымен кездесіп, Елбасының мәдени орталығында болып, «Астана бас жоспары» ҚКК-ын аралайды. 7-қарашада Сеул қаласының әкімі Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.
Ал Алматыдағы сапары барысында Ли Менг-бак Қазақ мемлекеттік мұражайында, Республикалық корей музыкалық комедия театрында, «Шымбұлақ» кешенінде болады.
Сондай-ақ, сапар барысында Астана және Алматыда Қазақстандық және Оңтүстік Кореялық іскерлік өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумдар өткізу межеленген.
Сеул қаласы әкімінің сапары 9-қарашада аяқталады.

Перейти к новостям спорта