32 жастағы қазақстандық Сеулдегі қоғамдық саябақта қаза тапты, полиция болған оқиғаны тергеп жатыр, деп хабарлайды Yonhap News Agency басылымы.
Агенттіктің хабарлауынша, есімі аталмаған қазақстандық Сеулдің орталығындағы жаңа қоғамдық саябақта метро станциясының маңындағы ескі эстакададан секірді. Бұл оқиға жергілікті уақытпен дүйсенбі күні сағат 23.50-де болды. Оны ауруханаға жеткізді, алайды сейсенбі күні таңертең сағат 7.50-де ол көз жұмды. Полиция өлім алды хат таппады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.