Сеулдегі Жапония елшілігінің қасында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сеулдегі Жапония елшілігінің қасында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Сеулдегі Жапония елшілігінің қасында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Корея астанасы Сеул қаласындағы Жапония елшілігінің жанында белгісіз егде жастағы ер адам өз-өзін өртеп жібермек болған.

  • 12 Тамыз 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Kyodo агенттігінен хабарлады.

Оның мәліметтерінше, оқиға маңында болған адамдар отты  өшіре алды, алайда жасы 80-ге жетіп қалған қарттың тұла бойын күйік шалды. Ол ауруханаға жеткізілді, есін жиғаны немесе жимағаны туралы хабарланбауда. Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам осылайша өзін-өзі өлтірмек болған.

Бүгін Сеулдегі жапон дипмиссиясының қасында 2 мыңға жуық адам Жапония үкіметінен император әскерінің Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жасаған әрекеттері үшін кешірім сұрау талабымен наразылық шарасын өткізді. 


Соңғы жаңалықтар