Кастаньеттің ырғақты әрі динамикалық дыбысына орындалатын испандық би мен тореадорлардың алаңдағы суреттері ән кешінің ажарын аша түспек, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.
Концертте шырқайтын театр солистері: Ж. Жарқымбаева, А. Капонова, С. Мұратбекова, М. Шотабаев, сонымен қатар тізімде шақыртылған солист А. Жылтыргөзов бар. Сондай-ақ алуан түрлі дауыстар байлығы — меццо-сопрано, колоратуралық, лирикалық сопрано, тенор және баритон тыңдарманды өзгеше әуендерімен сусындататын болады.
Концертте өткен ғасырдың көрнекті композиторлары: Ж.Массне, Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, К.Сен-Санс, Р. Леонкавалло және басқалардың музыкасы орындалады.


