Жарияланды: 390

Шағын бизнесті 5 пайыздан аспайтын несиемен қамтамасыз ету керек - А. Мырзахметов

Шағын бизнесті 5 пайыздан аспайтын несиемен қамтамасыз ету керек - А. Мырзахметов

Ұлттық қордағы кәсіпкерлікті қолдауға арналған қаржыны коммерциялық банктерге пайызсыз немесе 1 пайызбен беріп, олардың шағын және орта бизнесті 5 пайыздан аспайтын несиемен қамтамасыз етуін қадағалау қажет.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті мүшелерінің «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының, Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Қаржы министрлігінің басшылығымен кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері бойынша кездесуінде «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, әсіресе өңірлерде белсенді қолдау табуда. Алайда ол бағдарламаның аясында қазір 2 мыңнан астам ғана кәсіпкер бар. Еліміздегі барлық кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасымен» қамту мүмкін емес. «Кәсіпкерлердің ең бірінші мәселесі - кредиттік ұсыныстардың шағын және орта бизнеске берілуі. Қазір банкілерден несие алудың жылдық мөлшерлемесі 16-18 пайыз. Оның үстіне кепілдік керек. Оған шағын-орта бизнестің шамасы жетпейді», - дейді А. Мырзахметов. «Жуырда біз оңтүстік облыстарда болып қайттық. Ондағы шағын шаруашылық иелерінің айтуынша, егін егуге жеңілдетілген несие алу үшін жаңа жылдың басынан бастап мамырға дейін құжат жинаумен айналысады екен. Әбден жинап болып, несие алуға барса, кепілдерің жетпейді деп шығарып салатын көрінеді. Сондықтан олар жоғары пайыздық несие алуға мәжбүр болады» - деп атап өтті «Атамекен Одағының» басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін