деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Полиция қызметкерлері арасында өткен футбол жарысы Нидерланды корольдігінің Айберген және Грунло қалаларында өткен болатын. Оған әлемнің 54 елінен командалар қатысты. Осы байрақты бәсекеге қатысқан оңтүстікқазақстандық команда өз тобында Польша, Чехия, Венгрия, Молдава, Андора және АҚШ футболшыларынан басым түсіп, 1/8 финалға шығып, бұл кезеңдерде де Латвия мен Ресей командаларынан басым болды. Дегенмен Босния мен Сербия аяқдоп шеберлеріне есе жіберген Қазақстан футболшылары 198 команда қатысқан әлем чемпионатында үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ ОҚО ІІД Жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция лейтенанты Нұрдәулет Маймақов чемпионаттың үздік футболшысы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы өткен шағын футболдан әлем чемпионатында Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері үшінші орынды иеленген болатын.