Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Новосібір мен Тюмень қалаларының жергілікті клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Новосібір мен Тюмень қалаларының жергілікті клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді

Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Новосібір мен Тюмень қалаларының жергілікті клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді

Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 7-8 желтоқсанда Новосібірде «Сибиряк», ал 11-12 желтоқсанда Тюменьде "Тюмень" клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді.

  • 29 Қараша 2010
  • 479
Фото - Caravan.kz

Бұл Евро-2012 чемпионатының дәрежелік кезеңіне дайындық аясында жоспарланып отыр. Оған Аміржан Мұқанов жаттықтыратын ұлттық құрама 2 желтоқсанда Қарағандыда басталатын оқу-жаттығу жиынынан кейін аттанбақ. Оған бас бапкер «Тұлпар» клубынан 10 (Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Ғалымжан Қосмұхамбетов, Константин Перемышлин, Михаил Першин, Александр Довгань, Николай Пенгрин, Павел Таку, Александр Гребонос, Роман Шорин), «Қайрат» клубынан 4 (Дінмұхамет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов , Виталий Александров, Григорий Шамро), «Аят» клубынан 4 (Данияр Кенжеғұлов, Тимур Мырзабаев, Николай Казаков, Александр Якименко) және «Арай» клубынан 1 ( Станислав Кононенко) ойыншыны шақырып отыр.

2012 жылы Хорватияда өтетін Еуропа чемпинатының дәрежелік кезеңінің жеребесі 24 қыркүйекте өткен болатын. Оған қатысатын 11 команданың жолдамасын алғашқы кезеңде 24 команда сарапқа салады. Қазақстан құрамасы жарысты іріктеу кезеңінен бастайды. Онда олардың қарсыласы Испания (қазіргі Еуропа чемпионы) Әзірбайжан және алғашқы кезеңде Д тобында бақ сынаған Литва, Франция, Болгария, Мальта командаларының жеңімпазы болмақ. Топтық бұл матчтар 2011 жылы 24-28 ақпанда Әзірбайжанда өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера