Облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жарысқа сегіз команда қатысты. Бірінші жартылай финалда ҚР ІІМ командасы ішкі әскерлер командасын 2:0 есебімен ұтса, екіншісінде ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті құрамасы шекара қызметі өкілдерін 3:0 есебімен жеңді.
Финалда кеденшілер ішкі істер министрлігі командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Үшінші орынға шекарашылар көтерілді.
Чемпиондар құрамында Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті және комитет жігіттері ойнады.