Онда ерлер арасында 37 елдің құрамасы арасынан Әміржан Мұқанов жаттықтыратын қазақстандықтар 9-орын алды. Топтық кезеңде Бразилия (2:1) мен Испания (2:6) аяқдопшыларына ұтылып «В» тобында үшінші орын алған олар жүлделі орындарға таласу мүмкіндігінен сырт қалған болатын. Одан кейінгі сында жинақы өнер көрсеткен олар 9-ыншы орынға ие болды. Жарыстың жалпы қорытындысында Украина Әлем чемпионы, Ресей мен Португалия күміс және қола жүлдегер атанды. Одан кейінгі орындарға Таиланд, Бразилия, Испания, Әзірбайжан, Қытай, Қазақстан, Польша, Грекия, Франция, Израиль, Оман елдерінің құрамалары орналасты. Ал әйелдер арасындағы жарыста 10 елдің арасынан 1-3 орынды Бразилия, Испания, Португалия футболшылары өзара бөлісті.