«Бұл қор шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушы бірегей қаржылық супермаркетке айналуға тиіс»,- деді үкімет басшысы.
«Біз шағын кәсіпкерлкті несиелендіруге бағышталған бұрынғы бағдардан бас тартып, арнаулы қызмет түрлерін қолданысқа енгізетін боламыз»,- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, «тек несиелендіруге ғана емес, сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерлікті сақтандыруға бағытталған шаралар қолданылады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 1997-жылы құрылған. Қордың жарғылық капиталы 4,7 млрд. теңгені, жеке капиталы 4,9 млрд. теңгені құрайды. 2004-жылдың 1-қазанындағы жағдаймен қордың несиелік қоржыны 14,9 млрд. теңге болды.