Шағын несиелік мекеме бастығы аса ірі мөлшердегі ұрлаушылығы үшін 5 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын несиелік мекеме бастығы аса ірі мөлшердегі ұрлаушылығы үшін 5 жылға сотталды

Шағын несиелік мекеме бастығы аса ірі мөлшердегі ұрлаушылығы үшін 5 жылға сотталды

Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық коллегиясы «Семей кәсіпкерлікті дамыту Қоры шағын неиселік мекемесі» ЖШС директоры А. Тортаевты 5 жылға соттап, үш жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметте істеу құқығынан айырды, деп ШҚО облыстық сот баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Маусым 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz

«А. Тортаев 176-шы бабы, 3-ші тармағы «б» тармақшасы бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға сотталып, үш жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметте істеу құқығынан айрылды», — деп хабарлады соттан.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, 2005-2006-шы жылдары мемлекет Семей қаласының кәсіпкерлікті дамыту қорына «Самұрық-Қазына» қоры арқылы айтарлықтай қаражат бөледі. Тексеріс барысында анықталғандай, көптеген несие алушылардың құжаттары болмаған, көбісі несиені алмағандығы белгілі болды. 2006-шы жылы сәуірде қор директоры А. Тортаев банкке ерікті түрде Т6 млн қаражатты құйды, бірақ Т10,8 млн қайтарылмай қалды.

Семей қалалық соты оны 5 жылға соттады. Одан басқа, одан Т10,8 млн сомасындағы қаржы да өнідіріліп алатын болды.

Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар