Шағын қалаларды дамытуға бағытталған таңдаулы жобалар үкіметтің жеңілдетілген несиесіне ие болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын қалаларды дамытуға бағытталған таңдаулы жобалар үкіметтің жеңілдетілген несиесіне ие болады

Шағын қалаларды дамытуға бағытталған таңдаулы жобалар үкіметтің жеңілдетілген несиесіне ие болады

Шағын қалаларды дамытуға бағытталған таңдаулы жобалар үкіметтің жеңілдетілген несиесіне ие болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің кадр бөлімінің меңгерушісі Александр Судьин бүгін, 12-тамызда Талдықорғанда өтіп жатқан шағын қалаларды дамыту жөніндегі республикалық семинарда хабарлады.

  • 12 Тамыз 2003
  • 547
Фото - Caravan.kz

А.Судьиннің айтуынша, осынау бейресми байқау Қазақстандағы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы ҚР парламентінде қабылданғаннан кейін өткізілмекші.

Жоба бойынша, кейбір шағын қалаларда қаланың құрылуына арқау болған кәсіпорындар қайтадан жаңғыртылса, кейбір қалаларда даму стратегиясының бағыт-бағдары өзгертіледі. Мысал ретінде ол Алматы облысындағы Текелі қаласын атады. Бұл қалада полиметалл өндіретін кен-байыту комбинаты жұмыс істегені белгілі. А.Судьиннің айтуынша, қазіргі таңда Текелі кенішіндегі полиметалл қоры түгесілгендіктен, қалалық әкімшілік мұнда туристік бизнесті дамытуға құлшыныс танытып отыр. Осы орайда қалада ірі ауылшаруашылығы институтын құру жөнінде ұсыныстар жасалған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға еліміз үкіметі үш жылда 7,5 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Соның ішінде 1,5 млрд. теңге шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық қорын ұлғайтуға, 750 млн. теңге (әр қалаға 15 млн. теңгеден) шағын қалаларға мақсатты трансферт ретінде бөлуге арналмақшы. Бұл қаржы шағын қалалардағы сумен қамтасыз ету, мектептер мен денсаулық сақтау нысандарын салуға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар