Шағын шаруа қожалықтары бәсекелестікке төтеп беру үшін өз еркімен күш біріктіргені жөн - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын шаруа қожалықтары бәсекелестікке төтеп беру үшін өз еркімен күш біріктіргені жөн - ҚР Елбасы

Шағын шаруа қожалықтары бәсекелестікке төтеп беру үшін өз еркімен күш біріктіргені жөн - ҚР Елбасы

Елімізде жерді жеке меншікке беру нәтижесінде жердің шынайы қожайыны пайда болады. Жер Кодексіндегі субаренда туралы тәртіп жерге қатысы жоқ, бірақ ақшасы бар адамдардың ауылшаруашылығына келу мүмкіндіктерін азайтады. Ал бір қожайынның иелігіне берілетін жер көлеміне қойылған шектеу ауылға монополистердің келуіне жол бермейді. Бұл туралы пікірді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысындағы дихандармен кездесуде ортаға салды. Алайда, Елбасының атап көрсетуінше, жер ұлығаусар материалдық шығынды талап ететіндіктен , шағын меншік иелерінің мүмкіндігі шектеулі.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 691
Фото - Caravan.kz

«Шағын шаруа қожалықтары бәсекелестікке төтеп беру үшін өз еркімен күш біріктіргені жөн. Қазіргі заманғы ауылшаруашылық техникасы, гербицидтер мен тыңайтқыштар сатып алуды шағын шаруаның қалтасы көтермейді. Сондықтан ондай шаруашылықтар өз еркімен күш біріктіруі дұрыс. Соның арқасында сіздер рентабельді шаруашылық құрып, ауылға монополистердің келуіне тосқауыл қоясыздар»,- деді президент.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы келешегі жоқ елді мекендерді оңтайландыру процессін одан әрі жалғастыру қажеттігін тағы бір атап көрсетті. Инфрақұрылымы дамыған, әлеуметтік базасы нығайған ірі ауылдар құру процессін бүкіл ауылшаруашылығы саласының тиімділігін арттыруға жасалған бір қадам деп қарау керек дейді Елбасы. Сонымен бірге, Н.Назарбаев ауылдарды оңтайландыру саясатында мәжбүрлеуге жол бермеуге шақырды. «Сіздер ауыл тұрғындары арасында ауқымды түсіндіру шарасын өткізулеріңіз керек. Болашағы жоқ ауылдардың тұрғындары оларды ешкім де күшпен қумайтынын, алайда, мұндай ауылдарға әлеуметтік саланы дамытуға қаржы бөлінбейтінін түсінуі қажет. Бұрынғы ауылдарында қала бере ме, әлде, тіршілікке қолайлы жағдайда тұра ма дегенді олар өз еркімен шешуге тиіс».
Облыс әкімінің орынбасары Бағила Баймағамбетованың айтуынша, аймақтағы 776 елді мекенге аттестация жасау нәтижесінде олардың 100-і келешегі жоқ деп танылды. Ауылдарды оңтайландыру процессі қазірдің өзінде қолға алынып үлгерді.