Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен кеше үкімет үйінде шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Қазан 2008
  • 549
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР үкіметі жанынан құрылған және ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылатын комиссияның негізгі мақсаты мемлекет пен бизнес-қоғамдастық тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергіні төмендету жөнінде шаралар мен үйлестіретін ұстанымдар әзірлеу болып табылады.

Отырысқа қатысушылар шағын және кәсіпкерлік субъектілеріне тексерісті реттеу және азайту мақсатында бақылаушы органдардың қызметін оңтайландыру жөнінде ұсыныстарды талқылады.

Отырыс барысында сондай-ақ «Атамекен одағы» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық палатасының «Жекеменшік кәсіпкерлік туралы» заң жобасына қатысты ұсыныстары қаралды.

Ұсынылған құжаттар талқылауға және пысықталуға жолданды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері Қазақстандағы бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен түзетулерді енгізу жөнінде ұсыныстар пакетін әзірлейтін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар