Ол жеке кәсіпкерлер төлейтін салық мөлшері көбейсе салдары қымбатшылық сынды көптеген мәселелерге тірейтінін дүйім жұртқа түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Заңгердің айтуынша егер аталған заң күшіне енсе, онда елде орта және шағын орта кәсіпкерлік құрдымға кететін болады.
«Біздің Үкімет салық пен штрафтан басқаны ойлап табуға ақылдары жетпейді немесе басқа амалдары қалмаған да сияқты. Себебі өзге елдер халыққа қалай жағдай жасаймыз, халықтың әл-ауқатын қалай көтереміз десе, біздің Үкіметтің қазіргі жасап жатқан қимылдары мен сөздері халықтың күнін қалай қиындатамыз дегенге ұқсайды. Кез келген ИП НДС төлейді деген сөз. Не деген бассыздық бұл?
Құрметті Жұманғарин мырза, біз емес, сіз халықтың жынын келтірмеңіз. Егер шек 15 млн-ға дейін түсетін болса, онда орта және шағын кәсіпкерлік өлетіні анық», — деді ол.