Жексенбі, 13 қазанда Ұлттық ұлан әскери қызметкері Шахтинсктегі пәтерлердің бірінен өлі табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Патриот» басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, әскери қызметші белдігіне ілінген күйде табылған. Оның өліміне не себеп болғанын тергеу анықтайды. Қылмыстық іс қозғалды.
Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы ер адамның шынымен де олардың әскери қызметкері екенін хабарлады.
«Бұл қызметтен тыс уақытта болды. Ол келісімшарт бойынша қызмет кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші мұны отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде жасаған», — деп хабарлады ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.