"Шәкен жұлдыздары" IX Халықаралық кинофестивалі 11-мамырда басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шәкен жұлдыздары" IX Халықаралық кинофестивалі 11-мамырда басталады

"Шәкен жұлдыздары" IX Халықаралық кинофестивалі 11-мамырда басталады

"Шәкен жұлдыздары" IX Халықаралық кинофестивалі 11-15 мамыр аралығында өтеді.

  • 4 Мамыр 2011
  • 575
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбіде фестивальді ұйымдастырушылар таратқан хабарламаға қарағанда, биыл конкурсқа қатысу үшін «Дебюттер», «Жастар киносы», «Студенттік кино» және «Анимация» секцияларынан 55 фильм іріктелген.

«Конкурстық бағдарламаның 5 қатысушысы Қазақстан өкілдері», делінген онда.
Конкурсқа сондай-ақ Австрия, Германия, Греция, Англия, Италия, Испания, Үндістан, Ресей және Жапонияның кинематографистері қатыспақ.
Ойын киносы бойынша қазылар алқасының төрағасы ресейлік режиссер Александр Митта, деректі кино бойынша қазылар алқасының жетекшісі кинорежиссер Андрей Герасимов.

Перейти к новостям спорта