7 қаңтарда Шахан ауылындағы арнайы алаңда қуаты 400 киловатт модульдік қазандық іске қосылды. Қазіргі уақытта қазандықты қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, үйді модульдік қазандыққа қосу жұмыстары 8 қаңтарда толықтай аяқталады. Қазір төрт үйге жарық қосылды, енді олар тексерілетін болады.
"4 қаңтардан бастап ауылда төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмектесін қор жұмыс істеп жатыр. Шот та ашылды. Шахан ауылындағы қоғам өкілдерінен құралған қамқоршылық кеңесі құрылды. Қорға ақшалар аударылып жатыр. Зардап шеккен тұрғындарға өтелетін төлемақыларды қор 9 қаңтардан бастап бере бастайды", — деді әкімдіктегілер.
Сонымен қатар, әкімдер ауылдағыларға гуманитарлық көмектің беріліп жатқанын айтты. Бүгінде зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттар — жатын бөлме заттары, әйелдер, ерлер және балалар аяқ-киімдері, сондай-ақ, үш тоннадан аса азық-түлік жеткізілген.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.
Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", — деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Ал 4 қаңтарда Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылған болатын.