Шахизада ажыраса салып үйленген ұлын сынағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахизада ажыраса салып үйленген ұлын сынағандарға жауап берді

Шахизада ажыраса салып үйленген ұлын сынағандарға жауап берді

Шахизада Байпатшанова таяуда отбасында болған келеңсіз жайтты жасырмай баяндаған еді. Әншінің жалғыз ұлы Олжас пен онымен төрт жыл отасқан келіні Ләззат ажырасып кеткен. Бір қызығы, Олжас ажырасқанына көп уақыт өтпестен екінші рет шаңырақ көтерген. 

  • 12 Наурыз 2019
  • 516
Фото - Caravan.kz

"Менің балам жақсы-ау деймін соған қарағанда. Шынар келінім тез кездесті, бұл тағдыр. Әйтпесе балам биыл үйленемін деген жоқ еді. Жүрекке әмір жүрмейді ғой. Жақсы көрді ма, уақытына қарамайды. 

Дос болып жүріп, махаббат басталып кеткен шығар", — деп ұлын ақтауға тырысты әнші.

Сөзіне қарағанда, көпшілік ажыраса салып қайта үйленген Олжасты айыптайтын көрінеді. — Білгіштер "бұрыннан жүрген екен" деп айтты, — дейді Шахизаданың өзі. Алайда: 

"Олай емес. Менің Олжасым жанұям деп бәріне төзіп келе жатқан балам. Ажырасқанын өздері біледі. Бірақ балалардан еш уақытта ажырамайды. Оны екінші келінім түсінеді. — Сіз уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, — деп мені жұбатып қояды", — дейді Шахизада.


Өнер иесінің бүгінгі бар уайымы — немерелері.  

Соңғы жаңалықтар