Шахматшы Бибісара Асаубаеваға тағылған айыпқа байланысты оның анасы Лиана Таңжарықова түсініктеме берді. Ол ресейлік жаттықтырушының шығарған дауынан кейінгі Бибісараның жағдайын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Ресейлік заңгер Александр Добровинский желіде Асаубаеваға кінә таққан болатын.
Таңжарықова заңгердің желіде жазған ақпаратын растады. Сонымен қоса сот отырысы 5 наурызда өтетінін айтты.
“Соложенкин (шахмат жаттықтырушысы) не десе де, біз жарыстарға Ресейдің атынан қатысамыз. Біріншіден, оның айтқандарының дәлелі жоқ. Бибісарадан да дәретханадан да ешқандай телефон табылған жоқ”, — деді Асаубаеваның анасы телефон арқылы.
Сонымен қоса, профессорлар Бибісараға айып таққаннан кейін 3 шахмат бағдарламасын тексерген. Бірақ күдікті ештеңе байқалмаған.
“Тіпті, профессор Соложенкиннің неге мұндай айып таққанын түсіне алмады”, — дейді Таңжарықова.
“Шахматшылардың айтуынша, Соложенкин Бибісараны жарыстан шығарғысы келді. Ол сол чемпионатта Сараның жеңіске жеткенін қаламады. Осы оқиғаадан кейін Сара күйзеліске түсіп кетті”, – дейді анасы.
Бибісара біраз уақыт бойы шахмат ойнай алмай жүрген.
“Ол ересек адам, әке, жаттықтырушы қалай ғана мұндай әрекетке барғанын түсіне алмады. Сараға өте қиын болды”, – деді ол.
Анасының айтуынша, олар психологқа қаралған, әлі де қаралып жүр. Психолог бұл оқиға балаға жасалған психологиялық зорлық екенін айтқан.
Таңжарықованың айтуынша, Бибісараны туған елінде бағаламағандықтан көрші елдің құрамасына кеткенін айтты. Қазір олар Подмосковьеде тұрады. Ресейге көшкеннен кейін оларға екі бөлмелі үй берілген. Сонымен қатар, Бибісара Қазақстан азаматтығын өзгертпеген.