Жарияланды: 510

Шахматшы Ш.Мырзағалиевтің туғанына 90 жыл толып отыр

Шахматшы Ш.Мырзағалиевтің туғанына 90 жыл толып отыр

Батысқазақстандық шахматшы Шәмшиден Мырзағалиевтің (1921-1943) туғанына 90 жыл толып отыр. Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген Шәмшиден он бір жасында әкесінен айрылған соң Орал қаласындағы №11 қазақ орта мектебінде білім алып, үздік бітірді.

Жастайынан зеректігімен көзге түскен Ш.Мырзағалиев үш мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Атап айтқанда, 1938 жылы Қарағандыда, 1939 жылы Шымкентте, 1940 жылы Алматыда озық шықты. Ел мәртебесін асырған даңқты шахматшы болар ма еді, егер соғыс келіп килікпегенде. Курск, Орел маңындағы кескілескен ұрыстарда жараланып, госпитальға түскен ол емделіп шыққаннан кейін әскери училищеде оқып, кіші командир атанды. Өкінішке қарай, 1943 жылы ерлікпен қаза тауып, туған елден топырақ бұйырған жоқ. Ш.Мырзағалиев туралы кезінде белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Мәтжан Тілеужанов зерттеп, кітап та жазды. Ш.Мырзағалиевтің 90 жылдығына орай Теректі ауданы Подстепный ауылында арнайы жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаз-жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть