Caravan Logo

Шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатында 2-ші орынға қол жеткізді

Шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатында 2-ші орынға қол жеткізді

Жаңа маусымды сәтті бастаған «Астана Арландары» өз тобындағы  келесі матчты  23-қараша күні Астанада «USA Knoukots» командасына қарсы өткізеді.

Алғашқы  турда америкалықтар өз алаңында 1:4 есебімен Ұлыбританияның «British Leonhearts» клубына есе жіберсе, біздің арландар Киевте жергілікті «Украин атамандарынан» басым түсті. Киевте өнер көрсеткен  боксшылар  бұл жолы шаршы алаңға шықпайды. Есесіне, команда басшылары алдағы бәсекеде қазақстандық боксшыларға мүмкіндік берген сыңайлы. Мысалы, Киевте «Астана арландары» сапында үш легионер бақ сынаса,  бейсенбідегі кездесуде тек хорватиялық Хрвоже Селдің өнеріне баға береміз. Сонымен 54 келіде Бағдат Әлімбековке Джо Грегори Перес қарсы тұрса, 61-де Самат Бәшенов пен Әнуар Юнусов, 73-те Мирас Байырханов пен Кларенси Джозеф кездеседі. Ал 85 келіде таза хорватиялық жекпе-жекке куә боламыз. Бұл салмақта Астананың намысын жыртып жүрген Хрвоже Сел өзінің отандасы Марко Каличпен жұдырық түйістіреді. Ал аса ауыр салмақ дәрежесінде жерлесіміз Руслан Мырсатаев қонақтар сапындағы венгр жігіті Иштван Бернатты сынаққа алады.


Бүгін түнде чемпиондар лигасының кездесулері қайта жанданбақ. Топтық кезеңнің 5-ші турында турнирді “Ювентус” өз алаңында  лондондық “Челсиды” қабылдайды.

Бұл топта украиналық “Шахтер” көш бастап тұр. Ал “Челси” мен “Ювентус” үшін бүгінгі матчтың бағасы жоғары. Сырт алаңда “Шахтерге” есе жіберген лондондық клуб бүгінгі кездесуде аянып қалмасы анық. Десе де “Челси” сапында Джон Терри мен Фрэнк Лэмпард жарақатына байланысты алдағы кездесуге қатыспайды. Е-тобының орталық матчын сіздер біздің арнадан түнгі сағат 1:45-те тамашалай аласыздар.