Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан Францияны жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан Францияны жеңді

Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан Францияны жеңді

Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді,

  • 12 Наурыз 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Vesti.kz.

Екі жеңіс пен бір тең ойын қазақстандық шахматшыларға турнирдің аутсайдері Франция командасынан басым түсуін қамтамасыз етті. Өз қарсыластарын Гүлісхан Нақбаева мен Гүлмира Дәулетова жеңді, тең ойын Динара Сәдуақасованың еншісінде. Төртінші тақтада Мәдина Дәулетбаева мен Наташа Бенмесбаның арасында күннің ең ұзақ ойыны болды. Партия француз қызының пайдасына аяқталды.

Бұл жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы турнирлік кестенің жетінші қатарына көтерілді. 12 наурыз — әлем чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасы чемпионаттың медалі үшін күрес жүргізіп жатқан Грузияға қарсы ойнайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера