Бұл додада ел намысын қорғап жатқан Гүлісхан Нахбаева және Динара Сәдуақасова кешегі ойында қарсыластарымен тең түссе, Мәдина Дәулетбаеваның жеңісі қазақстандық команданы алға шығарған еді. Алайда Гүлмира Дәулетова ұтылып қалды. Есеп — 2:2. Ал әлем чемпионы — Қытай құрамасы француздарды айқын басымдықпен жеңді. Сондай-ақ, Ресей — Румынияны, Грузия — Түркияны, ал Украинаның шахматшы қыздары Үндістанды ұтты.
Бүгін Үндістан — Франция, Грузия — Қытай, Украина — Румыния және АҚШ — Түркия ойындары өтеді. Ал қазақстандықтар Ресей құрамасымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы «Думан» қонақүйінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатының ойындарын www.worldchess.kz сайтынан он-лайн режимінде көруге болады.