«Шахтер» ФК ұлттық құраманың үш ойыншысымен келісім-шартты ұзартты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шахтер» ФК ұлттық құраманың үш ойыншысымен келісім-шартты ұзартты

«Шахтер» ФК ұлттық құраманың үш ойыншысымен келісім-шартты ұзартты

Қазақстан ұлттық құрамасының үш ойыншысы - қақпашы Александр Мокин, жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев және шабуылшы Сергей Хижниченко келесі маусымды ел чемпионы - қарағандылық «Шахтердің» құрамында өткізеді,

  • 23 Желтоқсан 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады sports.kz спорттық-жаңалықтар порталы.

Сайтта атап өтілгендей, «Шахтер» футбол клубы өзінің алғашқы оқу-жаттығу жиындарының барысында А.Мокинмен, Ұ.Қонысбаевпен және С.Хижниченкомен келісімшартты ұзартты. Қазақстандық премьер-лиганың таңдаулы ойыншыларымен жаңа келісімдерге қол қойылуы қарағандылық клубтың көптеген жанкүйерлерін қуантпақ.

Футболдан «Шахтер» командасы Қазақстанның чемпионы атағына 2011 жылғы қазанда «Астана» командасымен финалдық жекпе-жектегі жеңісі нәтижесінде ие болды. Қарағандылықтар клуб тарихында алғаш рет алтын медальға қол жеткізді.