«Шахтер» футбол клубы сатылымға шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шахтер» футбол клубы сатылымға шығарылды

«Шахтер» футбол клубы сатылымға шығарылды

Жекешелендірудің екінші кезегі шеңберінде Қарағандыда «Шахтер» футбол клубы сатылымға шығарылды. Клубтың бастапқы бағасы 215 млн теңге.

  • 6 Қараша 2014
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Футбол клубын электронды коммерциялық тендер әдісімен сату жоспарланып отыр. оның негізгі шарты – клубтың қызмет саласын сақтап қалу болмақ. Бастапқы бағасы 214 млн 872 мың теңге. Сауда-саттық желтоқсанның екісінде басталады. Жалпы, бұл әлемде бар тәжірибе. Клубтың дұрыс, мықты жұмыс істеуіне, турнирлерде жеңімпаз атанып, бәсекелестік тудыруына жағдай жасай алатын инвесторлар бар», – деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Қарағанды облыстық әкімдігінің Мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқармасынан хабарлады.
Айтуларынша, 2014 жылы облыста 7 нысан жекешелендірілмек.
«Соның ішінде, «Қарағанды» волейбол клубы (бастапқы бағасы 20 млн 593 мың теңге), «Тұлпар» мини-футбол клубы (10 млн 492 мың тг), «Сарыарқа» хоккей клуб (77 млн 554 мың тг) сатуға қойылып отыр. Тендер 14-қараша күні мемлекеттік мүлік реестрінің www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы өткізіледі», — дейді басқарма өкілі.


Жалпы, жекешелендірудің аталған астысында Қарағанды облысы бойынша 50 ұйым сатылады. Ұйымдардың құны нарықтағы бағаға сәйкес белгіленді.
«Шахтер» ФК – Қазақстан тарихында УЕФА-ның Еуропа Лигасына өткен тұңғыш команда. 2012-2013 жылдардағы іріктеу сындарында қарағандылық команда словениялық «Копер», ирландиялық «Сент-Патрикс Атлетик» командаларын жеңіп, чехтың «Слован», Шотландияның «Селтик» командаларымен жарысқа түскен болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера