«Шахтер» футбол клубының ұтып алған алтын медалі сатылымға қойылған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шахтер» футбол клубының ұтып алған алтын медалі сатылымға қойылған

«Шахтер» футбол клубының ұтып алған алтын медалі сатылымға қойылған

Еуропа Лигасына елімізден алғаш болып өткен қарағандылық «Шахтер» клубына қатысты дау шықты. Осы команданың 2011 жылғы ел біріншілігінде ұтып алған алтын медалінің сатуға қойылғанын естіген жұрт жағасын ұстады.

  • 20 Тамыз 2015
  • 232
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы хабар жергілікті сайттардың біріне шыққан. Медаль 220 мың теңгеге бағаланыпты. Бірақ жарнама ұзақ тұрмады. Ал оны сатпақ болған жас жігіт алтын медаль атасынан мұраға қалғанын айтуда. Футбол клубының басшылығы да 2011 жылғы чемпионат соңында медальдарды үлестіру кезінде біраз келеңсіздіктердің болғанын жасырмады. Он шақты данасын «сыйлы аға-көкелерге» табыстауға тура келіпті. Ал медаль жетпей қалған ойыншыларға, қосымша тапсырыс беріп алынған.  Жалпы, «Шахтер» футбол клубының тағы да ел біріншілігінде топ жарып, алтын жүлдеге қол жетукізулері екіталай. Команда турнир тізімінің ең соңында тұр. Ал аяқдоп шеберлері соңғы екі ай бойы жалақы көрмеген. Аймақ бюджетінен бөлінген қаражат баяғыда-ақ таусылыпты.

 

Соңғы жаңалықтар