«Қарағанды облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ шешіміне сәйкес В.Чебурин жұма күні, қазанның 15-інде «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы лауазымынан босатылды.
«Маусым аяқталғанға дейін команданың бас жаттықтырушысы міндетін «Шахтер» ФК атқарушы директоры Асқар Әбілдаев атқарады», — деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.