Ойынның 32-ші минутында қонақтар жақтан жасалған белсенді шабуылдың нәтижесінде Остерц есеп ашты. Бірақ біздің «шахтерлар» да қарап қалған жоқ. Бірінші кезеңді 1:1 есебімен аяқтауға Ұлан Қонысбаев үлес қосты. Ойынның екінші кезеңінің соңына қарай, 82-ші минутта тағы бір гол соғып, есепті еселеген де осы Ұлан Қонысбаев болды.
Енді қарағандылықтар «ИВБ» (Исландия) — «Сент-Патрикс» (Ирландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.