Қарағандыдағы стадионға «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама сарапқа түскен ойынды тамашалауға 5000-ға жуық жанкүйер жиналды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарағандылық команданың сырт алаңдағы ойынының трансляциясын көруге аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев те келді. Ойын жергілікті уақыт бойынша түнгі 00:45-те басталғанына қарамастан қарағандылықтар түнгі матчқа келу көрсеткіші бойынша және бір уақытта жұмыс істеген жарықдиодты экрандар бойынша өзіндік рекорд орнатты.
Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық команда қос матч қорытындысы бойынша «Селтикке» жол беріп, енді Еуропа лигасының топтық турнирінде өнер көрсететін болды.