«Шахтерде» футболшыға артық салмағы үшін айыппұл салады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шахтерде» футболшыға артық салмағы үшін айыппұл салады

«Шахтерде» футболшыға артық салмағы үшін айыппұл салады

Қарағандының «Шахтер» футбол клубында салмағы артық футболшыларға айыппұл салады, деп команда басшылығы хабарлады.

  • 12 Мамыр 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Біз ойыншының алдына белгілі бір мерзім тағайындап, сол аралықта ол салмағы жағынан бабына келуін талап етеміз. Олай етпеген жағдайда айыптық санкциялар қолданылады», — деп «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков кезекті ойын аяқталған соңғы баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Бұл ретте бапкер айыппұл мөлшерін нақтылап жатпады.

Бас бапкердің айтуынша, айыппұл команда капитаны, танымал шабуылша Андрей Финонченкоға салынуы мүмкін. «Жарақат алуы себепті ол бірінші айналымда мүлдем ойнамады десе де болады. Қазір ол сауықты, бірақ артық салмақ қосыпты. Ондай салмақпен футбол ойнау өте ауыр», — дейді бас бапкер.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера