«Шахтердің» жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шахтердің» жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді

«Шахтердің» жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді. Бұл туралы кеншілердің баспасөз қызметінен хабарлайды.

  • 31 Наурыз 2016
  • 436
Фото - Caravan.kz


«Футбол клубы қарағандылық «Шахтердің» жаңа ойыншысы Эрфан Зенели мен оның қалыңдығы Лиданы неке тойымен құттықтайды! Жас жұбайларға үлкен бақыт пен амандық, отбасылық жылулық тілейміз», — делінген хабарламада.

Эрфан Зенели Финляндия ұлттық құрамасының ойыншысы, ол қазақстандық Премьер-лигада бірнеше матч өткізіп үлгерді. Бұған дейін жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасында финдік ХИК-тің «Астанаға» қарсы ойнаған құрамына қатысты.