Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, Шахтинск қаласында жылыту жүйесін қалпына келтіру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Тентек жылу электр орталығындағы істен шыққан №1 қазандық жұмыс істей бастады. «Жіберілтін судың температурасы 58 градус, кері қайтатын судың температурасы 27 градус, судың айналымы сағатына 2450 тоннаны құрайды»,- дейді министрліктегілер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-қаңтарда Тентек жылу электр орталығында апат болу салдарынан көп пәтерлі 208 тұрғын үй, 17 мектеп, 4 әкімшілік мекеме мен 3 денсаулық сақтау мекемесі жылудан үзіліп қалған болатын.