Шахтинскіде колония бастығы орынбасарының міндетін атқарушы үш жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинскіде колония бастығы орынбасарының міндетін атқарушы үш жылға бас бостандығынан айрылды

Шахтинскіде колония бастығы орынбасарының міндетін атқарушы үш жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағанды. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Шахтинск қалалық сотының үкімімен АК 159/11 мекемесі бастығының режимдік-оперативтік жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Жәнібек Мыңбаев үш жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы агенттікке Қарағанды облыстық ҰҚКД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

«21 наурызда 19 сағат 30 минута шұғыл іздестіру шараларының барысында Сангородок ауылындағы АК 159/11 мекемесінің штабының автотұрағында ҰҚКД қызметкерлері Ж.Мыңбаевтың автокөлігінің салонынан жалпы салмағы 1 килограмм 988 грамм болатын марихуана оралған 12 полиэтилен орама, екі бөтелке арақ пен бір бөтелке коньяк табылып тәркіленді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ж. Мыңбаев сондай-ақ, сотталғандардың ұялы телефон пайдалануына тыйым салынғанын біле тұра, «өзінің лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланып, Құттаяқов есімді сотталғанға ұялы телефон пайдалануға рұқсат берген».

«Ж. Мыңбаев өзіне тағылған айыптармен жартылай келісіп, 21 наурызда ұялы телефонмен сотталғаннан колония аумағына тыйым салынған заттарды өткізу оқиғасы дайындалып жатқаны жайлы ақпарат алған. Оған жол бермеу және зат кімге жіберілгелі жатқанын білу үшін ол келісілген жерге кездесуге келіп, затты тәркілеп алмақ болғанын жеткізді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша, Қарағанды облыстық ҰҚКД ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағының «б» тармақшасы, 307 бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шахтинск қалалық сотының үкімімен Жәнібек Мыңбаев үш жылға бас бостандығынан айрылды. Мүлкі тәркіленіп, жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтейтін болды. Сот сонымен бірге Ж. Мыңбаевтан сараптама өткізуге жұмсалған шығынды өтеу есебінен мемлекеттік кіріске 159 мың теңге өндіріп алуға шешім шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар