Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Ал кейін Иманқұловтың айтуыша, қираған үйдің астынан 9 адамның мәйіті табылған. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар қирандының астынан адамдарды іздеп жатыр.