Шахтинскіде зардап шеккендерге көмек шарасы басталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинскіде зардап шеккендерге көмек шарасы басталып жатыр

Шахтинскіде зардап шеккендерге көмек шарасы басталып жатыр

Шахтинск қаласындағы Шаxан елді мекенінде үй құлаған болатын. Соның салдарынан 9 адам қаза тауып, қаншама отбасы баспанасыз қалды. Осыған байланысты астаналық бір топ белсенді азамат Шаxтинскідегі апаттан зардап шеккендерге киім-кешек және бұзылмайтын азық-түлік жинау шарасын бастап жатыр.

  • 2 Қаңтар 2017
  • 1593
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі ақын Ақберен Елгезек Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Оның айтуынша бұл шараны бастаған — белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров

"Қиын жағдайда қалған ағайынға көмектескісі келген астаналықтар 3 қаңтардан бастап, сағат 10:00-15:00 уақыт аралығында Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Белый ветер" дүкенінің сол жағындағы кіреберісте, 3-ші қабаттағы офиске заттарды өткізе алады. Есік ашық тұрады. Шара аптаның жұма күніне дейін жалғасып, жиналған дүние сенбі күні апат болған елді мекенге жөнелтіледі" дейді Ақберен Елгезек.

Байланыс телефондары: +7 7770411470, +7 7017074010.