Шахтинскідегі жарылыс ісі бойынша сотталушылардың қорғаушылары қылмыстық іс заңсыз қозғалды дегенді алға тартып өз қорғауындағыларды босатуды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинскідегі жарылыс ісі бойынша сотталушылардың қорғаушылары қылмыстық іс заңсыз қозғалды дегенді алға тартып өз  қорғауындағыларды босатуды талап етуде

Шахтинскідегі жарылыс ісі бойынша сотталушылардың қорғаушылары қылмыстық іс заңсыз қозғалды дегенді алға тартып өз қорғауындағыларды босатуды талап етуде

ШАХТИНСК. 25 мамыр. Kazakhstan Today. 41 кенші қаза тапқан Шахтинскідегі жарылыс ісі бойынша сотталушылардың қорғаушылары қылмыстық іс заңсыз

  • 25 Мамыр 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

қозғалуы себепті қорғалушыларды босатуды талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Тұтқындау заңсыз жүргізілген және прокуратура бұл бассыздықты көре тұра төрт ай бойына бұған көз жұмбайлықпен қарап келген. Біз барлық тағылған айыптарды заңсыз деп санауға болатындай тергеуде кеткен заң бұзушылықтарды анықтадық. Ал іс материалдарында біздің қорғалушыларымыздың кінәсін дәлелдейтіндей еш нәрсе қалған жоқ», — деп кеше Шахтинскідегі кезекті сот отырысының барысында қорғаушы Любовь Байсалова мәлімдеді.

Қорғаушылар негізінен «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның бес инженерлік-техникалық жұмысшысына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 245-бабы, яғни, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қозғалған қылмыстық іс жайында болып отырғандығын айтты. Белгілі болғандай, 29 томдық қылмыстық істе оны қозғау туралы қаулы болмай шыққан.

Сонымен бірге, қорғаушылар тау-кен және өрттік-техникалық сараптама мәліметтерін бұрмалау оқиғаларын баяндады және бұл құжаттар дәлел ретінде пайдаланылмауы жөнінде өтініш берді.

Құқық қорғаушылардың айтуы бойынша, тергеу өрескел заң бұзушылықтармен жүргізілген. Атап айтқанда, оқиға орнын қарау және құрал-жабдықтарды көру протоколдары түсініксіз жасалған, яғни, айып тағылғанға дейін қылмыстық іс қозғалып қойған.

Қорғау жағы сотталушыларды қамаудан босатуды талап етті. Алайда, прокурор өзіне ойлану қажет екендігін айтқан соң сот өз шешімін сейсенбі, 29 мамырға қалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ына тиесілі Ленин атындағы шахтадағы жарылыс 41 адамның өмірін қиды, одан өзге тағы 12 адам жарақаттанды. Материалдық шығын 44 млн 664 мың теңгені құрады. Шахтада жұмыс істеген үкіметтік комиссия жарылыс себебін еңбек және қауіпсіздік техникасын қорғау талаптарының өрескел бұзылуы болды деп санады. Комиссия, сондай-ақ, апаттың шығуына 22 адам, соның ішінде «Миттал Стил» АҚ-ның бұрынғы бірінші басшылары себепкер деген қорытындыға келді. Алайда, айып шахтаның сегіз инженерлік-техникалық қызметінің жұмысшыларына тағылған. Оның бесеуі қамауға алынып, қалған үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсырған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті